Жаңа жылдық дастарханның классикасы
«Тон астындағы майшабақ» — мерекелік дастарханның ең танымал әрі сүйікті салаттарының бірі. Қабаттап дайындалатын бұл тағамның дәмі қанық, ал құрамындағы қарапайым өнімдер оны әр отбасының үстелінде ерекше орын алатын салатқа айналдырады.
Қажетті өнімдер:
-
Майшабақ (филе) — 300 г
-
Қызылша (ірі) — 1 дана (шамамен 400 г)
-
Картоп — 4 дана
-
Сәбіз — 2 дана
-
Ақ салат пиязы — 1 дана
-
Майонез — 100 г
-
Тұз — қалауыңызша, дәміне қарай
Дайындау тәсілі:
-
Қызылша, картоп және сәбізді пісіріп, суытыңыз да қабығын аршыңыз.
-
Майшабақты ұсақ текшелерге тураңыз.
-
Пиязды майдалап тураңыз. Қаласаңыз, дәмін жұмсарту үшін үстіне қайнаған су құйып, кейін сүзіп алыңыз.
-
Көкөністерді ірі үккіштен өткізіңіз.
-
Салатты қабаттап салыңыз:
-
бірінші қабат — майшабақ;
-
екінші қабат — пияз;
-
үшінші қабат — картоп (қажет болса, аздап тұздаңыз);
-
төртінші қабат — сәбіз;
-
бесінші қабат — қызылша.
-
-
Әр қабатты майонезбен жұқалап жағыңыз.
-
Дайын салатты 1–2 сағатқа тоңазытқышқа қойып, қабаттарының жақсы сіңуіне мүмкіндік беріңіз.
«Тон астындағы майшабақ» — мерекелік көңіл күйді айқын көрсететін дәстүрлі салат. Ол жаңа жылдық дастарханға, отбасылық кештерге және мерекелік жиындарға өте үйлеседі.
--------------------------------------------------
Классика новогоднего стола
«Сельдь под шубой» — один из самых узнаваемых и любимых салатов праздничного стола. Слоёная подача, насыщенный вкус и простые ингредиенты делают его незаменимым блюдом для новогоднего застолья и семейных праздников.
Ингредиенты:
-
Сельдь (филе) — 300 г
-
Свёкла (крупная) — 1 шт. (около 400 г)
-
Картофель — 4 шт.
-
Морковь — 2 шт.
-
Белый салатный лук — 1 шт.
-
Майонез — 100 г
-
Соль — по желанию, по вкусу
Способ приготовления:
-
Свёклу, картофель и морковь отварите до готовности, остудите и очистите.
-
Сельдь нарежьте небольшими кубиками.
-
Лук мелко нарежьте. При желании можно ошпарить кипятком, чтобы вкус стал мягче.
-
Подготовленные овощи натрите на крупной тёрке.
-
Выложите салат слоями:
-
первый слой — сельдь;
-
второй слой — лук;
-
третий слой — картофель (по желанию слегка посолить);
-
четвёртый слой — морковь;
-
пятый слой — свёкла.
-
-
Каждый овощной слой аккуратно смажьте майонезом.
-
Готовый салат уберите в холодильник минимум на 1–2 часа, чтобы слои пропитались.
Описание блюда:
Салат «Сельдь под шубой» — это традиционный вкус, который ассоциируется с праздником и уютной атмосферой. Он отлично подходит для новогоднего стола, семейных ужинов и торжественных застолий.
Простые продукты, знакомый вкус и красивая подача делают этот салат настоящей классикой праздничной кухни.

