Нәзік сүзбе мен асқабақтың табиғи тәттілігі үйлескен десерт. Екі түсті қоспадан жасалған әдемі жолақтар әр тілімге ерекше көрік береді.
Қалыптың диаметрі: 20–22 см.
Пісіру уақыты: 50–65 минут.
Тоңазытқышта ұстау уақыты: кемінде 3 сағат.
Құрамы
-
Сүзбе — 500 г
-
Асқабақ езбесі — 300 г
-
Жұмыртқа — 3 дана
-
Қант — 100–120 г
-
Қаймақ — 100 г
-
Жүгері крахмалы — 3 ас қасық
-
Ванильді қант — 1 шай қасық
-
Тұз — бір шымшым
-
Даршын — қалауыңызша
Дайындау тәсілі
-
Асқабақты дайындаңыз. Тазартылған асқабақты бөліктерге кесіп, 180 °C-қа дейін қыздырылған пеште шамамен 25–35 минут, жұмсарғанша пісіріңіз. Суытып, блендермен езіңіз. Дайын қою езбеден 300 г өлшеп алыңыз.
-
Сүзбе қоспасын дайындаңыз. Сүзбеге 2 жұмыртқа, қаймақ, қанттың жартысын, ванильді қант, бір шымшым тұз және 2 ас қасық крахмал қосыңыз. Блендермен біркелкі, тегіс қоспа болғанша араластырыңыз.
-
Асқабақ қоспасын дайындаңыз. Асқабақ езбесіне қалған жұмыртқаны, қантты және 1 ас қасық крахмалды қосыңыз. Қалауыңызша аздап даршын салып, араластырыңыз.
-
«Зебра» өрнегін жасаңыз. Қалыптың түбіне пісіру қағазын төсеп, қабырғаларын аздап майлаңыз. Ортасына кезекпен 1–2 ас қасық сүзбе қоспасын және дәл соның үстіне асқабақ қоспасын құйыңыз. Екі қоспаны осылай кезектестіріп, тауысыңыз. Қабаттарды араластырмаңыз.
-
Пісіріңіз. Пештің температурасын 160–170 °C-қа түсіріп, пісірмені шамамен 50–65 минут пісіріңіз. Шеттері бекіп, ортасы сәл ғана дірілдеп тұруы керек.
-
Суытыңыз. Пешті өшіріп, есігін сәл ашыңыз да, пісірмені ішінде 15 минут қалдырыңыз. Бөлме температурасында суытып, тоңазытқышқа кемінде 3 сағатқа қойыңыз. Содан кейін қалыптан шығарып, тілімдерге бөліңіз.
Әдемі шығуы үшін кеңестер
-
Тегіс құрылым: түйіршікті сүзбені блендермен мұқият езіңіз.
-
Айқын жолақтар: екі қоспаның қоюлығы шамалас болуы керек. Сүзбе қоспасы тым қою болса, аздап қаймақ қосыңыз.
-
Қою асқабақ езбесі: сұйық езбені баяу отта араластырып, артық ылғалын буландырыңыз, содан кейін суытыңыз.
-
Ұқыпты тілімдер: пісірмені толық суытып, тоңазытқышта ұстағаннан кейін ғана кесіңіз.
Пісірме дайындауға қажетті өнімдерді «АНВАР» сауда желісінен таба аласыз. Ас болсын!
-
Нежный десерт, в котором творог сочетается с естественной сладостью тыквы. Красивые полоски из двух видов начинки делают каждый кусочек особенно аппетитным.
Диаметр формы: 20–22 см.
Время выпекания: 50–65 минут.
Время охлаждения в холодильнике: не менее 3 часов.
Ингредиенты
-
Творог — 500 г
-
Тыквенное пюре — 300 г
-
Яйца — 3 шт.
-
Сахар — 100–120 г
-
Сметана — 100 г
-
Кукурузный крахмал — 3 ст. л.
-
Ванильный сахар — 1 ч. л.
-
Соль — щепотка
-
Корица — по желанию
Способ приготовления
-
Подготовьте тыкву. Очищенную тыкву нарежьте кусочками и запекайте при 180 °C примерно 25–35 минут до мягкости. Остудите и измельчите блендером. Отмерьте 300 г готового густого пюре.
-
Сделайте творожную смесь. Соедините творог с 2 яйцами, сметаной, половиной сахара, ванильным сахаром, щепоткой соли и 2 столовыми ложками крахмала. Пробейте блендером до гладкости.
-
Сделайте тыквенную смесь. Добавьте к тыквенному пюре оставшееся яйцо, сахар и 1 столовую ложку крахмала. По желанию добавьте немного корицы и перемешайте.
-
Создайте узор «Зебра». Застелите дно формы пергаментом, слегка смажьте бортики маслом. В центр выложите 1–2 столовые ложки творожной смеси, затем прямо поверх неё — тыквенную. Продолжайте чередовать смеси, пока они не закончатся. Слои не перемешивайте.
-
Испеките. Уменьшите температуру духовки до 160–170 °C и выпекайте запеканку примерно 50–65 минут. Края должны схватиться, а середина — лишь слегка подрагивать.
-
Остудите. Выключите духовку, приоткройте дверцу и оставьте запеканку внутри на 15 минут. Остудите при комнатной температуре, затем уберите в холодильник минимум на 3 часа. После этого достаньте из формы и нарежьте.
Советы для красивого результата
-
Гладкая текстура: зернистый творог тщательно пробейте блендером.
-
Чёткие полоски: обе смеси должны быть примерно одинаковой густоты. Если творожная масса слишком плотная, добавьте немного сметаны.
-
Густое тыквенное пюре: лишнюю влагу выпарите на слабом огне, помешивая, затем остудите пюре.
-
Аккуратные кусочки: нарезайте запеканку только после полного остывания и охлаждения в холодильнике.
Всё необходимое для приготовления запеканки вы найдёте в торговой сети «АНВАР». Приятного аппетита!

