Хош иісті зире, жұмсақ ет және сәбіз қосылған палау — бүкіл отбасыға арналған дәмді тағам. Оны қазанда дайындап, үлкен табақпен ұсыныңыз.
Қажетті ингредиенттер:
-
Syr Dani «Янтарь» күріші — 1 кг
-
Сиыр немесе қой еті — 800 г
-
Сәбіз — 1 кг
-
Пияз — 300 г
-
Өсімдік майы — 200–250 мл
-
Сарымсақ — 2 бас
-
Зире — 1,5–2 шай қасық
-
Бөріқарақат — 1 ас қасық, қалауыңызша
-
Ащы бұрыш — 1–2 дана, қалауыңызша
-
Тұз — дәміне қарай
-
Ыстық су — қажетіне қарай
Дайындау тәсілі:
-
Күрішті дайындаңыз. Күрішті суы мөлдірленгенше бірнеше рет жуыңыз. Қаптамадағы нұсқаулыққа сәйкес жібітіп, пісірер алдында суын төгіңіз.
-
Ет пен көкөністерді тураңыз. Етті 4–5 см кесектерге, пиязды жарты сақина етіп, сәбізді ұзынша етіп тураңыз. Сарымсақтың сыртқы қабығын ғана алып, бастарын бүтін қалдырыңыз.
-
Етті қуырыңыз. Қазанда майды жақсылап қыздырыңыз. Етті салып, барлық жағынан қызарғанша қуырыңыз. Қажет болса, бөліп-бөліп қуырыңыз.
-
Көкөністерді қосыңыз. Алдымен пиязды қосып, алтын түске енгенше қуырыңыз. Содан кейін сәбізді салып, абайлап араластыра отырып, тағы 10–15 минут пісіріңіз.
-
Зирвак дайындаңыз. Зире, бөріқарақат пен тұз қосыңыз. Ет пен көкөністердің бетін жабатындай ыстық су құйыңыз. Сарымсақ пен бүтін ащы бұрышты салып, баяу отта ет жұмсарғанша шамамен 40–60 минут бұқтырыңыз.
-
Күрішті салыңыз. Сарымсақ пен бұрышты уақытша алып қойыңыз. Күрішті зирвактың үстіне біркелкі жайып салыңыз. Араластырмаңыз. Қажет болса, кепсер арқылы күріштің бетін шамамен 1 см жабатындай қайнаған су құйыңыз. Су мөлшерін күріштің қаптамасындағы нұсқаулыққа қарай реттеңіз.
-
Палауды демдеңіз. Қақпағын жаппай, орташа қатты отта күріштің бетіндегі су тартылғанша пісіріңіз. Күрішті ортаға қарай үйіп, қазанның түбіне дейін бірнеше тесік жасаңыз. Сарымсақ пен бұрышты қайта салып, қақпағын жабыңыз. Ең баяу отта шамамен 20–25 минут демдеңіз.
-
Дастарқанға ұсыныңыз. Отты өшіріп, палауды қақпағын ашпай тағы 10 минут тынықтырыңыз. Содан кейін абайлап араластырып, үлкен табаққа салыңыз. Үстіне ет пен сарымсақты орналастырыңыз.
Палауды қызанақ пен жұқалап туралған пияздан дайындалған ачичук салатымен ұсынуға болады.
Ас болсын!
Палауға қажетті өнімдерді «АНВАР» дүкендерінен сатып алып, отбасыңызға дәмді ас дайындаңыз!
-
Ароматная зира, мягкое мясо и морковь делают плов отличным блюдом для семейного обеда. Готовьте в казане и подавайте на большом общем блюде.
Ингредиенты:
-
Рис Syr Dani «Янтарь» — 1 кг
-
Говядина или баранина — 800 г
-
Морковь — 1 кг
-
Лук — 300 г
-
Растительное масло — 200–250 мл
-
Чеснок — 2 головки
-
Зира — 1,5–2 ч. л.
-
Барбарис — 1 ст. л., по желанию
-
Острый перец — 1–2 шт., по желанию
-
Соль — по вкусу
-
Горячая вода — по необходимости
Способ приготовления:
-
Подготовьте рис. Промойте его несколько раз, пока вода не станет прозрачной. Замочите в соответствии с рекомендациями на упаковке, затем слейте воду.
-
Нарежьте мясо и овощи. Мясо нарежьте кусочками по 4–5 см, лук — полукольцами, морковь — длинной соломкой. С чеснока снимите только верхнюю шелуху, оставив головки целыми.
-
Обжарьте мясо. Хорошо разогрейте масло в казане. Выложите мясо и обжарьте со всех сторон до румяной корочки. При необходимости обжаривайте порциями.
-
Добавьте овощи. Всыпьте лук и обжарьте до золотистого цвета. Затем добавьте морковь и готовьте ещё 10–15 минут, аккуратно перемешивая.
-
Приготовьте зирвак. Добавьте зиру, барбарис и соль. Влейте горячую воду, чтобы она покрывала мясо и овощи. Положите чеснок и целый острый перец. Тушите на небольшом огне до мягкости мяса, примерно 40–60 минут.
-
Выложите рис. Временно достаньте чеснок и перец. Распределите рис ровным слоем поверх зирвака, не перемешивая. При необходимости осторожно влейте кипяток через шумовку, чтобы вода покрывала рис примерно на 1 см. Уточняйте количество воды по рекомендациям на упаковке риса.
-
Доведите до готовности. Готовьте без крышки на умеренно сильном огне, пока вода не уйдёт с поверхности. Соберите рис горкой и сделайте несколько отверстий до дна казана. Верните чеснок и перец, накройте крышкой и томите на минимальном огне примерно 20–25 минут.
-
Подайте плов. Выключите огонь и оставьте плов под крышкой ещё на 10 минут. Аккуратно перемешайте, выложите на большое блюдо и разместите сверху мясо и чеснок.
Дополните плов салатом ачичук из помидоров и тонко нарезанного лука.
Приятного аппетита!
Покупайте всё необходимое для плова в «АНВАР» и готовьте вкусные обеды для всей семьи!

