Жұқа қамыр, шырынды ет салмасы және сарымсақ пен аскөк қосылған тұздық — үйде дәмді хинкали дайындап көріңіз!
Құрамы
Қамырға:
-
Ұн — 500 г
-
Су — 250 мл
-
Тұз — 1 шай қасық
-
Жұмыртқа — 1 дана (қалауыңызша)
Салмасына:
-
Сиыр еті немесе сиыр мен қой етінің қоспасы — 500 г
-
Пияз — 2 дана
-
Ет сорпасы немесе су — 150–200 мл
-
Тұз, ұнтақталған қара бұрыш — дәміне қарай
-
Кинза — қалауыңызша
Тұздыққа:
-
«3 желания» тұздығы — 3–4 ас қасық
-
Сарымсақ — 1 түйір
-
Лимон шырыны — 1 шай қасық
-
Аскөк — аздап
Дайындау тәсілі
-
Қамыр илеңіз. Ұнға тұз, су және қалауыңызша жұмыртқа қосып, тығыз қамыр илеңіз. Бетін жауып, 30 минут тынықтырыңыз.
-
Салмасын дайындаңыз. Етті еттартқыштан өткізіңіз. Майдалап туралған пияз, тұз, қара бұрыш және қалауыңызша кинза қосыңыз. Сорпаны немесе суды біртіндеп құйып, жақсылап араластырыңыз.
-
Хинкалиді түйіңіз. Қамырды жұқалап жайып, дөңгелектер кесіңіз. Әрқайсысының ортасына салма салып, шеттерін қатпарлап жинаңыз да, ұшын мықтап қысыңыз.
-
Пісіріңіз. Хинкалиді қайнап тұрған тұзды суға абайлап салыңыз. Орташа көлемді хинкалиді шамамен 12–15 минут пісіріңіз. Ұсынар алдында еттің толық піскеніне көз жеткізіңіз.
-
Тұздықты араластырыңыз. «3 желания» тұздығына ұсақталған сарымсақ, лимон шырыны мен майдалап туралған аскөк қосыңыз.
Аспаздық кеңес: салмасы шырынды болуы үшін сорпаны аз-аздан қосып, әр қосқан сайын араластырыңыз. Дайын хинкалиді ыстық күйінде тұздықпен бірге ұсыныңыз.
Хинкали дайындауға қажетті өнімдерді «АНВАР» сауда желісінен таба аласыз. Ас болсын!
-
Тонкое тесто, сочная мясная начинка и соус с чесноком и укропом — приготовьте аппетитные хинкали дома!
Ингредиенты
Для теста:
-
Мука — 500 г
-
Вода — 250 мл
-
Соль — 1 ч. л.
-
Яйцо — 1 шт. (по желанию)
Для начинки:
-
Говядина или смесь говядины и баранины — 500 г
-
Репчатый лук — 2 шт.
-
Мясной бульон или вода — 150–200 мл
-
Соль, молотый чёрный перец — по вкусу
-
Кинза — по желанию
Для соуса:
-
Соус «3 желания» — 3–4 ст. л.
-
Чеснок — 1 зубчик
-
Лимонный сок — 1 ч. л.
-
Укроп — небольшое количество
Способ приготовления
-
Замесите тесто. Добавьте к муке соль, воду и, по желанию, яйцо. Замесите плотное тесто, накройте и оставьте на 30 минут.
-
Подготовьте начинку. Пропустите мясо через мясорубку. Добавьте мелко нарезанный лук, соль, перец и, по желанию, кинзу. Постепенно влейте бульон или воду, тщательно перемешивая начинку.
-
Слепите хинкали. Тонко раскатайте тесто и вырежьте круги. В центр каждого положите начинку, соберите края складками и плотно защипните сверху.
-
Отварите. Аккуратно опустите хинкали в кипящую подсоленную воду. Хинкали среднего размера варите примерно 12–15 минут. Перед подачей убедитесь, что мясо полностью приготовилось.
-
Приготовьте соус. Смешайте соус «3 желания» с измельчённым чесноком, лимонным соком и мелко нарезанным укропом.
Кулинарный совет: чтобы начинка получилась сочной, добавляйте бульон небольшими порциями, каждый раз перемешивая. Подавайте готовые хинкали горячими, с соусом.
Всё необходимое для приготовления хинкали вы найдёте в торговой сети «АНВАР». Приятного аппетита!

