Тәтті алмұрт, балғын шпинат, ірімшік пен қытырлақ жаңғақ — бір салатта үйлесетін түрлі дәмдер. Бал мен лимон шырыны қосылған зәйтүн майы осы үйлесімді толықтыра түседі.
«АНВАР»-мен бірге күнделікті дастарқанға өзгеше салат дайындаңыз. Оны жеке тіскебасар ретінде немесе негізгі тағамға қосып ұсынуға болады.
Құрамы
-
Шпинат — 100 г
-
Алмұрт — 1 дана
-
Ірімшік — 80–100 г
-
Грек жаңғағы — 30 г
-
Бал — 1 шай қасық
-
Лимон шырыны — 1 ас қасық
-
Зәйтүн майы — 2 ас қасық
-
Тұз — дәміне қарай
-
Қара бұрыш — дәміне қарай
Дайындау тәсілі
-
Шпинатты жуып, жақсылап құрғатыңыз.
-
Алмұртты жуып, өзегін алып тастаңыз да, жұқа тілімдерге кесіңіз.
-
Ірімшікті шағын текшелерге кесіңіз немесе түріне қарай ұсақтап бөліңіз.
-
Грек жаңғағын ірілеу етіп ұсақтаңыз.
-
Бөлек ыдыста зәйтүн майын, лимон шырынын және балды араластырыңыз. Ірімшіктің тұздылығын ескеріп, дәміне қарай тұз бен қара бұрыш қосыңыз.
-
Шпинат, алмұрт, ірімшік пен жаңғақты салат ыдысына салыңыз.
-
Дайын тұздықты құйып, ақырын араластырыңыз.
Шпинат жапырақтары балғын қалпын сақтауы үшін салатты тұздық қосқаннан кейін бірден ұсыныңыз.
Жаңа дәмдерді «АНВАР»-мен ашыңыз
Балғын шпинат, алмұрт, ірімшік пен грек жаңғағын, сондай-ақ тұздыққа арналған бал мен зәйтүн майын «АНВАР» сауда желісінен таңдаңыз. Қажетті өнімдерді бір жерден алып, үйреншікті ас мәзіріңізді жаңа салатпен толықтырыңыз.
-
Сладкая груша, свежий шпинат, сыр и хрустящие грецкие орехи создают сочетание, которое хочется попробовать. Заправка из оливкового масла с мёдом и лимонным соком добавляет мягкую сладость и приятную кислинку.
Приготовьте вместе с «АНВАР» салат, который разнообразит повседневный стол. Подавайте его как самостоятельную закуску или в дополнение к основному блюду.
Ингредиенты
-
Шпинат — 100 г
-
Груша — 1 шт.
-
Сыр — 80–100 г
-
Грецкие орехи — 30 г
-
Мёд — 1 ч. л.
-
Лимонный сок — 1 ст. л.
-
Оливковое масло — 2 ст. л.
-
Соль — по вкусу
-
Чёрный перец — по вкусу
Приготовление
-
Вымойте шпинат и тщательно обсушите.
-
Вымойте грушу, удалите сердцевину и нарежьте тонкими ломтиками.
-
Нарежьте сыр небольшими кубиками или раскрошите, в зависимости от его вида.
-
Крупно порубите грецкие орехи.
-
В отдельной ёмкости смешайте оливковое масло, лимонный сок и мёд. Добавьте соль и чёрный перец по вкусу, учитывая солёность сыра.
-
Переложите шпинат, грушу, сыр и орехи в салатник.
-
Полейте заправкой и аккуратно перемешайте.
Подавайте сразу после заправки, пока листья шпината сохраняют свежесть.
Открывайте новые сочетания с «АНВАР»
Свежий шпинат, груши, сыр и грецкие орехи, а также мёд и оливковое масло для заправки выбирайте в торговой сети «АНВАР». Соберите необходимые ингредиенты в одном месте и добавьте новый рецепт в домашнее меню.

