Сусын дайындау үшін піскен әрі тәтті қарбызды таңдаған дұрыс. Мұндай қарбыз пайдалансаңыз, тәттілендіргішті аз мөлшерде қосуға немесе мүлде қоспауға болады. Қарапайым судың орнына газдалған су қолдансаңыз, лимонад одан да сергіткіш болады.
Порция саны: 4
Дайындау уақыты: 15–20 минут
Қажетті ингредиенттер
- 500 г дәнінен тазартылған қарбыз жұмсағы;
- 2 лимон;
- 500 мл салқын қарапайым немесе газдалған су;
- 2–4 ас қасық қант, бал немесе сироп — талғамға қарай;
- мұз;
- қалауыңызша жалбыз жапырақтары;
- безендіруге арналған лимон тілімдері немесе қарбыз бөліктері.
Дайындау тәсілі
1. Қарбызды дайындаңыз
Қарбыздың жұмсағын қабығынан бөліп, дәндерін алып тастаңыз. Блендерде езуге ыңғайлы болу үшін шағын текшелерге бөліп тураңыз.
Сусынның жақсы салқын әрі сергіткіш болғанын қаласаңыз, қарбызды алдын ала тоңазытқышқа қойыңыз. Егер қарбыз өте шырынды болса, судың мөлшерін аздап азайтуға болады.
2. Қарбызды езіңіз
Туралған қарбызды блендердің ыдысына салып, біркелкі болғанша езіңіз.
Сусынның жеңіл әрі біркелкі болғанын қаласаңыз, дайын қарбыз езбесін ұсақ сүзгіден өткізіңіз. Бұл қадамды өткізіп жіберуге де болады. Қарбыз жұмсағымен дайындалған лимонад қоюлау әрі дәмі қанығырақ болады.
3. Лимон шырынын дайындаңыз
Лимондарды мұқият жуып, шырынын сығып алыңыз. Сусынға лимон дәндерінің түсіп кетпеуін қадағалаңыз.
Лимон шырынының мөлшерін талғамыңызға қарай өзгертуге болады. Егер қарбыз өте тәтті болса, лимон шырынын сәл көбірек қосыңыз. Ал сусын тым қышқыл болып кетсе, тәттілендіргіштің мөлшерін арттыруға болады.
4. Барлық ингредиентті араластырыңыз
Қарбыз езбесін үлкен құмыраға құйыңыз. Лимон шырынын, салқын суды және таңдаған тәттілендіргішті қосыңыз.
Қант немесе бал толық ерігенше жақсылап араластырыңыз. Егер қою бал қолдансаңыз, оны алдымен аз мөлшердегі жылы сумен араластырып, содан кейін сусынға қосқан дұрыс.
5. Дәмін реттеңіз
Дайын лимонадтың дәмін көріңіз. Қажет болса, тағы біраз лимон шырынын, қант, бал немесе сироп қосыңыз.
Мұз еріген кезде сусынның дәмі сәл бәсеңдейтінін ескеріңіз. Сондықтан лимонадты стақандарға құймас бұрын дәмін реттеп алған дұрыс.
6. Стақандарға құйыңыз
Стақандарға бірнеше мұз текшесін салып, үстіне лимонад құйыңыз. Сусынды жалбыз жапырақтарымен, лимон тілімдерімен немесе шағын қарбыз бөліктерімен безендіруге болады.
Лимонадты салқын күйінде, дайындалғаннан кейін бірден ішкен дұрыс.
Лимонадтың дәмін қалай түрлендіруге болады?
Лимонның орнына немесе онымен бірге лайм қолдануға болады. Ол сусынға ерекше хош иіс пен жағымды қышқылдық береді.
Бірнеше жапырақ балғын базилик те қарбыз лимонадының дәмін түрлендіреді. Қарбызбен әсіресе жасыл базилик жақсы үйлеседі.
Газдалған су қолдансаңыз, оны лимонадқа стақандарға құяр алдында ғана қосыңыз. Сонда сусынның көпіршіктері жақсы сақталады.
Сондай-ақ лимонадқа құлпынай, таңқурай немесе балғын қияр қосуға болады. Оларды қарбызбен бірге блендерде езіп немесе ұсақтап турап, дайын сусынға қосыңыз.
Пайдалы кеңестер
Тәтті, піскен және дәні аз қарбызды таңдаңыз. Дайын лимонадтың дәмі көбіне қарбыздың сапасына байланысты болады.
Қантты немесе сиропты бірден толық қоспаңыз. Алдымен сусынның дәмін көріңіз — қарбыздың табиғи тәттілігі жеткілікті болуы мүмкін.
Жақсы салқындатылған суды пайдаланыңыз. Егер лимонадты алдын ала дайындасаңыз, оны тоңазытқышта сақтап, мұзды стақандарға құяр алдында ғана қосыңыз.
Дайын сусынды бір тәулік ішінде ішкен дұрыс. Қарбыздың жұмсағы ыдыстың түбіне шөгуі мүмкін, сондықтан лимонадты ішер алдында қайта араластырыңыз.
Қарбыз лимонады жеңіл тіскебасарлармен, жемістермен, пісірмелермен және грильде дайындалған тағамдармен жақсы үйлеседі. Ол пикникке, отбасылық дастарқанға немесе достармен жазғы кездесуге жарайды.
Арбузный лимонад — отличный вариант освежающего напитка для жаркого летнего дня. Он получается лёгким, ароматным, с приятной цитрусовой кислинкой и насыщенным вкусом спелого арбуза. Такой лимонад легко приготовить дома из простых ингредиентов, а количество сахара или сиропа можно регулировать по своему вкусу.
Для напитка лучше выбирать спелый и сладкий арбуз. В этом случае потребуется совсем немного подсластителя, а иногда можно обойтись и без него. Обычную воду можно заменить газированной — лимонад получится более бодрящим и будет напоминать настоящий летний коктейль.
Количество порций: 4
Время приготовления: 15–20 минут
Ингредиенты
- 500 г мякоти арбуза без косточек;
- 2 лимона;
- 500 мл холодной воды или газированной воды;
- 2–4 ст. л. сахара, мёда или сиропа — по вкусу;
- лёд;
- листья мяты — по желанию;
- ломтики лимона или кусочки арбуза для подачи.
Приготовление
1. Подготовьте арбуз
Отделите мякоть арбуза от кожуры и удалите все косточки. Нарежьте её небольшими кубиками, чтобы арбуз было удобнее измельчать.
Для более освежающего вкуса желательно заранее охладить арбуз в холодильнике. Если мякоть очень сочная, количество воды в рецепте можно немного уменьшить.
2. Измельчите мякоть
Переложите кусочки арбуза в чашу блендера и измельчите до однородного состояния.
Если вы хотите получить более гладкий напиток без мякоти, процедите арбузное пюре через мелкое сито. Этот шаг можно пропустить — с мякотью лимонад получится более насыщенным и густым.
3. Подготовьте лимоны
Вымойте лимоны и выжмите из них сок. Следите, чтобы в напиток не попали косточки.
Количество лимонного сока можно регулировать. Если арбуз очень сладкий, можно добавить чуть больше лимона. Если вкус получился слишком кислым, уменьшите его количество или добавьте немного подсластителя.
4. Смешайте ингредиенты
Перелейте арбузное пюре в большой кувшин. Добавьте лимонный сок, холодную воду и выбранный подсластитель.
Тщательно перемешайте напиток до полного растворения сахара или мёда. Если используется густой мёд, его можно предварительно смешать с небольшим количеством тёплой воды, а затем добавить в лимонад.
5. Отрегулируйте вкус
Попробуйте напиток перед подачей. При необходимости добавьте ещё немного лимонного сока, сахара, мёда или сиропа.
Учитывайте, что после добавления льда вкус лимонада станет немного менее насыщенным, поэтому перед подачей он может быть чуть слаще или кислее, чем обычно.
6. Подавайте лимонад
Положите в стаканы несколько кубиков льда и разлейте напиток. Украсьте листьями свежей мяты, ломтиками лимона или небольшими кусочками арбуза.
Подавайте лимонад сразу после приготовления, пока он остаётся холодным и свежим.
Как сделать лимонад ещё вкуснее
Для приготовления можно использовать не только лимон, но и лайм. Он придаст напитку более яркий аромат и лёгкую горчинку.
Несколько листиков свежего базилика сделают вкус арбузного лимонада более интересным. Особенно хорошо с арбузом сочетается зелёный базилик.
Если вы предпочитаете газированные напитки, добавляйте газированную воду непосредственно перед подачей, чтобы она не успела потерять пузырьки.
Также в лимонад можно добавить немного клубники, малины или свежего огурца. Ингредиенты необходимо измельчить вместе с арбузом или нарезать небольшими кусочками и добавить в готовый напиток.
Полезные советы
Выбирайте сладкий и спелый арбуз без большого количества косточек. От его вкуса зависит, насколько насыщенным получится лимонад.
Не добавляйте сразу весь сахар или сироп. Сначала попробуйте напиток — возможно, сладости арбуза будет достаточно.
Используйте только хорошо охлаждённую воду. Если лимонад готовится заранее, поставьте его в холодильник, а лёд добавляйте уже перед подачей.
Готовый напиток желательно употребить в течение суток. Перед подачей его необходимо ещё раз перемешать, так как арбузная мякоть может осесть на дно.
Арбузный лимонад можно подавать к лёгким закускам, фруктам, выпечке или блюдам, приготовленным на гриле. Он отлично подойдёт для пикника, семейного обеда или летней встречи с друзьями.

