Шырынды тауық еті, балғын қияр және қытырлақ картоп үйлескен салат мерекелік дастарқанға сән береді. Ал «3 желания» қаймақ қосылған майонезі оның дәмін нәзік ете түседі.
Құрамы
Салатқа:
-
Тауық еті — 300 г
-
Картоп — 3–4 дана
-
Жұмыртқа — 4 дана
-
Қияр — 2 дана
-
Қатты ірімшік — 100 г
-
Пияз — 1 дана (қалауыңызша)
-
«3 желания» қаймақ қосылған майонезі — 150–200 г
-
Тұз, ұнтақталған қара бұрыш — дәміне қарай
-
Өсімдік майы — картопты қуыруға
Сәндік жұмыртқаларға:
-
Салатқа арналған пісірілген жұмыртқалардың сарысы — 2 дана
-
Қатты ірімшік — қосымша 30 г
-
«3 желания» қаймақ қосылған майонезі — 1–2 ас қасық
-
Аскөк — аздап
Дайындау тәсілі
-
Тауық еті мен жұмыртқаны пісіріңіз. Тауық етін тұзды суда толық піскенше қайнатып, суытыңыз да, жіңішке жолақтап тураңыз. Жұмыртқаларды қатты пісіріп, суытып, қабығын аршыңыз. Екі сарысын сәндік жұмыртқаларға бөлек алып қойыңыз.
-
Картопты қуырыңыз. Картопты жіңішке жолақтап турап, суық сумен шайыңыз және әбден құрғатыңыз. Қызған майға аз-аздан салып, қызарғанша қуырыңыз. Артық майын сіңіру үшін қағаз сүлгіге шығарып, аздап тұздаңыз.
-
Қалған өнімдерді дайындаңыз. Жұмыртқаның ағын және қиярды жіңішке жолақтап тураңыз. Қалған екі сарысын ұсақтаңыз. Ірімшікті үккіштен өткізіңіз. Пияз қосатын болсаңыз, майдалап тураңыз.
-
Салатты араластырыңыз. Тауық етіне жұмыртқаның ағын, қалған сарысын, қиярды, 100 г ірімшікті және қалауыңызша пиязды қосыңыз. Майонез салып, дәміне қарай тұз бен бұрыш қосып, араластырыңыз.
-
Ұя пішінін жасаңыз. Салатты жалпақ табаққа дөңгелектеп салып, ортасынан шағын ойық жасаңыз.
-
Сәндік жұмыртқаларды дайындаңыз. Бөлек алып қойған екі сарысын езіп, 30 г үгітілген ірімшікпен және майдалап туралған аскөкпен араластырыңыз. Майонезді қоспа пішінін ұстайтындай етіп, аз-аздан қосыңыз. Кішкентай сопақша жұмыртқалар жасаңыз.
-
Салатты безендіріңіз. Дастарқанға ұсынар алдында салаттың сыртын қуырылған картоппен көмкеріп, ортасындағы ойыққа сәндік жұмыртқаларды орналастырыңыз.
Дәмді шығуы үшін 3 кеңес
-
Қытырлақ картоп: қуырар алдында картопты әбден құрғатып, майға аз-аздан салыңыз.
-
Нәзік дәм: майонезді бірден түгел қоспай, мөлшерін салаттың қоюлығына қарай реттеңіз.
-
Әдемі көрініс: салатты алдын ала дайындап, тоңазытқышта сақтауға болады. Картопты қытырлақ күйінде қалдыру үшін ұсынар алдында ғана қосыңыз.
Салат дайындауға қажетті өнімдерді «АНВАР» сауда желісінен таба аласыз. Ас болсын!
-
Сочная курица, свежий огурец и хрустящий картофель — этот салат станет украшением праздничного стола. А майонез «3 желания» «Сметанный» придаст ему нежный сливочный вкус.
Ингредиенты
Для салата:
-
Куриное мясо — 300 г
-
Картофель — 3–4 шт.
-
Яйца — 4 шт.
-
Огурцы — 2 шт.
-
Твёрдый сыр — 100 г
-
Репчатый лук — 1 шт. (по желанию)
-
Майонез «3 желания» «Сметанный» — 150–200 г
-
Соль, молотый чёрный перец — по вкусу
-
Растительное масло — для жарки картофеля
Для декоративных яиц:
-
Варёные желтки из яиц для салата — 2 шт.
-
Твёрдый сыр — дополнительно 30 г
-
Майонез «3 желания» «Сметанный» — 1–2 ст. л.
-
Укроп — небольшое количество
Способ приготовления
-
Отварите курицу и яйца. Курицу сварите в подсоленной воде до полной готовности, остудите и нарежьте тонкими полосками. Яйца сварите вкрутую, остудите и очистите. Отложите два желтка для декоративных яиц.
-
Обжарьте картофель. Нарежьте картофель тонкой соломкой, промойте холодной водой и тщательно обсушите. Обжаривайте небольшими порциями в разогретом масле до золотистого цвета. Выложите на бумажное полотенце, чтобы убрать лишнее масло, и слегка посолите.
-
Подготовьте остальные ингредиенты. Яичные белки и огурцы нарежьте тонкой соломкой. Оставшиеся два желтка измельчите. Сыр натрите на тёрке. Если используете лук, мелко нарежьте его.
-
Смешайте салат. Соедините курицу, белки, оставшиеся желтки, огурцы, 100 г сыра и, по желанию, лук. Заправьте майонезом, добавьте соль и перец по вкусу, перемешайте.
-
Сформируйте гнездо. Выложите салат на плоскую тарелку в форме круга и сделайте небольшое углубление в центре.
-
Сделайте декоративные яйца. Разомните два отложенных желтка, смешайте с 30 г тёртого сыра и мелко нарезанным укропом. Понемногу добавляйте майонез, чтобы масса сохраняла форму. Сформируйте небольшие овальные яйца.
-
Украсьте салат. Перед подачей покройте салат снаружи жареным картофелем, оставляя углубление свободным. В центр положите декоративные яйца.
3 совета для вкусного результата
-
Хрустящий картофель: тщательно обсушите соломку перед жаркой и обжаривайте небольшими порциями.
-
Нежный вкус: добавляйте майонез постепенно, регулируя количество по консистенции салата.
-
Красивая подача: основу можно приготовить заранее и убрать в холодильник. Картофель добавляйте непосредственно перед подачей, чтобы он сохранил хруст.
Всё необходимое для приготовления салата вы найдёте в торговой сети «АНВАР». Приятного аппетита!

