Ұйқы режимін біртіндеп қалпына келтіріңіз
Жаз бойы бала кеш ұйықтап үйренсе, бірден ерте жатқызу оңай болмауы мүмкін. Сондықтан ұйықтау және ояну уақытын біртіндеп өзгерткен дұрыс.
Күн сайын әдеттегіден сәл ертерек ұйықтап, таңертең де ертерек тұруға көшуге болады. Осылайша ағза жаңа кестеге біртіндеп бейімделеді.
Ең бастысы — соңғы күнге дейін күтпей, бұл процесті алдын ала бастау.
Таңғы режимді де қайтарыңыз
Мектеп күні тек ерте оянудан тұрмайды. Балаға жуынып, киініп, таңғы ас ішіп, сабаққа жиналуға уақыт қажет.
Сондықтан оқу жылы басталғанға дейін бірнеше рет мектеп күніндегідей таңғы режимді байқап көруге болады. Бұл таңертең қанша уақыт қажет екенін түсінуге және кейін асығыстықты азайтуға көмектеседі.
Күн тәртібіне тұрақты тамақтануды қосыңыз
Демалыс кезінде тамақтану уақыты да өзгеруі мүмкін. Мектеп басталар алдында таңғы ас, түскі және кешкі ас уақытын біртіндеп тұрақты кестеге келтірген дұрыс.
Әсіресе таңғы асты өткізіп алмауға дағдылану маңызды. Оқу күндері таңертең уақыт аз болатындықтан, алдын ала қалыптасқан әдет күн тәртібін жеңілдетеді.
Бірден сабаққа отырғызудың қажеті жоқ
Жаз аяқталып келе жатқанда баланы бірден бірнеше сағат бойы оқуға отырғызудың қажеті жоқ. Оқу ырғағына да біртіндеп оралуға болады.
Кітап оқу, өткен тақырыптарды қысқаша еске түсіру, логикалық тапсырмалар орындау немесе күн сайын аз уақыт жазумен айналысу жеткілікті.
Мұндағы мақсат — каникулды тағы бір оқу тоқсанына айналдыру емес, баланың зейінін біртіндеп оқу процесіне қайта бағыттау.
Экран алдындағы уақытты біртіндеп реттеңіз
Жазғы демалыста телефон, планшет немесе компьютерді пайдалану уақыты көбейіп кетуі мүмкін. Мектеп басталған күні барлық шектеуді бірден енгізудің орнына, күн тәртібін алдын ала реттей бастаған дұрыс.
Мысалы, ұйықтар алдында гаджеттерді пайдалануды азайтып, кешкі уақытты тыныш істерге арнауға болады. Бұл ұйқы режиміне оралуды да жеңілдетеді.
Мектеп туралы сөйлесіңіз
Жаңа оқу жылының жақындауы әр балада әртүрлі эмоция тудыруы мүмкін. Біреуі достарымен кездесуді асыға күтсе, енді бірі сабақ немесе жаңа орта туралы алаңдауы мүмкін.
Баладан мектепке оралу туралы не ойлайтынын сұраңыз. Оны не қуантатынын, ал не мазалайтынын тыңдаңыз.
Егер бала алаңдаса, оның сезімін жоққа шығармай, жаңа оқу жылына байланысты сұрақтарды бірге талқылаған дұрыс.
Мектепке дайындыққа баланы да қатыстырыңыз
Арқақоржын, пенал немесе басқа мектеп құралдарын бірге таңдау жаңа оқу жылына дайындықты жағымды процеске айналдыра алады.
Балаға өзіне ұнайтын дизайнды таңдауға, кеңсе құралдарын реттеуге немесе арқақоржынын өзі жинауға мүмкіндік беріңіз.
Осындай қарапайым әрекеттер арқылы мектептің басталуы тек міндеттермен емес, жағымды жаңалықтармен де байланысты болады.
Соңғы күндерді жоспарға толтырып жібермеңіз
1 қыркүйек жақындаған сайын ата-аналар барлық істі аяқтауға тырысады: сатып алу, киім дайындау, құжаттарды тексеру, сабақ кестесін нақтылау.
Бірақ баланың демалуға да уақыты қалғаны маңызды. Сондықтан негізгі дайындықты алдын ала аяқтап, каникулдың соңғы күндерін барынша тыныш өткізген дұрыс.
Жаңа оқу жылына асықпай дайындалыңыз
Мектеп режиміне оралу үшін бір күн жеткіліксіз. Ұйқы уақытын біртіндеп өзгерту, таңғы режимді қалыптастыру, оқу белсенділігін баяу қайтару және баламен мектеп туралы сөйлесу жаңа оқу жылына дайындықты жеңілдетеді.
Ең бастысы — бәрін соңғы күнге қалдырмай, дайындықты біртіндеп жүргізу. Сонда жазғы демалыстан мектеп күндеріне ауысу бала үшін де, ата-ана үшін де әлдеқайда жайлы өтеді.
-
За время летних каникул привычный распорядок меняется: дети позже ложатся спать, не спешат вставать по утрам и располагают большим количеством свободного времени. С началом учебного года снова приходится рано просыпаться и подстраиваться под расписание занятий.
Поэтому возвращаться к школьному режиму лучше не за один день перед 1 сентября, а заранее и постепенно. Так ребёнку будет проще адаптироваться к началу нового учебного года.
С чего начать подготовку? Разбираем несколько простых рекомендаций.
Постепенно восстанавливайте режим сна
Если за лето ребёнок привык поздно ложиться, резко перейти на ранний сон может быть непросто. Лучше постепенно сдвигать время сна и пробуждения.
Можно каждый день ложиться немного раньше и соответственно раньше вставать. Так организму будет проще перестроиться на новый распорядок.
Главное — не откладывать изменение режима до последнего дня каникул.
Верните привычный утренний распорядок
Школьное утро — это не только ранний подъём. Ребёнку нужно успеть умыться, одеться, позавтракать и собраться.
До начала учебного года можно несколько раз попробовать провести утро примерно в том режиме, который будет во время школы. Это поможет понять, сколько времени действительно требуется на сборы, и уменьшить утреннюю спешку в первые учебные дни.
Постепенно возвращайтесь к регулярному питанию
Во время каникул привычное время приёмов пищи тоже нередко меняется. Перед началом школы полезно постепенно возвращать завтрак, обед и ужин к более стабильному расписанию.
Особое внимание стоит уделить завтраку. Если ребёнок снова привыкнет завтракать примерно в одно и то же время, соблюдать утренний режим в учебные дни будет проще.
Не превращайте последние недели лета в учёбу
Не стоит сразу усаживать ребёнка за занятия на несколько часов. Возвращаться к учебному ритму тоже лучше постепенно.
Можно читать книги, понемногу вспоминать пройденный материал, решать логические задачи или уделять немного времени письму.
Цель такой подготовки — не превратить остаток каникул в ещё одну учебную четверть, а постепенно переключить внимание ребёнка на предстоящие занятия.
Скорректируйте время с гаджетами
Во время летнего отдыха дети могут проводить больше времени с телефоном, планшетом или компьютером. Вместо резких ограничений с первого учебного дня лучше заранее начать возвращаться к привычному распорядку.
Например, постепенно сокращать использование гаджетов перед сном и оставлять вечер для более спокойных занятий. Это также может помочь легче вернуться к режиму сна.
Поговорите о школе
Приближение нового учебного года может вызывать у детей разные эмоции. Кто-то с нетерпением ждёт встречи с друзьями, а кто-то переживает из-за занятий, нового класса или других перемен.
Спросите ребёнка, что он думает о возвращении в школу. Что его радует? Есть ли что-то, что беспокоит?
Если ребёнок волнуется, важно выслушать его и спокойно обсудить возникающие вопросы, а не обесценивать переживания.
Вовлекайте ребёнка в подготовку
Совместный выбор рюкзака, пенала и других школьных принадлежностей может сделать подготовку к учебному году приятнее.
Позвольте ребёнку выбрать понравившийся дизайн, разложить канцтовары или самостоятельно собрать рюкзак.
Такие простые действия помогают связать приближение школы не только с обязанностями, но и с приятными обновлениями.
Не перегружайте последние дни каникул
Чем ближе 1 сентября, тем больше дел хочется успеть родителям: закончить покупки, подготовить одежду, проверить документы и расписание.
При этом ребёнку важно оставить время и на отдых. Если основные приготовления закончить заранее, последние дни каникул можно провести спокойнее.
Готовьтесь к новому учебному году без спешки
Вернуться к школьному режиму за один день сложно. Постепенное изменение времени сна, восстановление утреннего распорядка, небольшая учебная активность и спокойные разговоры о школе помогут сделать переход от летних каникул к учебным будням более плавным.
Главное — не оставлять всё на последние дни. Постепенная подготовка поможет всей семье встретить новый учебный год спокойнее и организованнее.

